2024 жылдың 27 сәуірінде Д.М. Түсіпова атындағы Педиатрия және медициналық оңалту кафедрасының ассистенті А. А. Қапанова және 1-ші оқу резиденттері Д. Буламбаева, А. Бакенова № 1 студенттер үйінде “балалардағы тапшылық жағдайы”викторинасын өткізді. Викторина ойын түрінде өткізілді. Сұрақтар мен жауаптар санаттары бар презентация дайындалды. Темір тапшылығы анемиясы, В12, фолий тапшылығы анемиясы, тамақтану бұзылыстары бойынша ең өзекті мәселелер қозғалды. Викторина тыныш және шиеленіссіз жағдайда өтті. Студенттер қойылған сұрақтарға белсенді жауап берді.
Өткізілген іс-шараны студенттер үлкен қызығушылықпен қабылдады, викторина соңында студенттер өз пікірлерімен бөлісті, қызықтырған сұрақтарын қойды, тиісінше оқытушыдан кері байланыс алды. Кездесу қорытындысы бойынша ұйымдастырушылар барлық студенттерге викторина кезінде қатысқаны және белсенділігі үшін алғыс білдіріп, белсенді қатысқаны үшін алғыс хаттар табысталды.