Аса құрметті Масығұт Рахимұлы!

Аса құрметті Масығұт Рахимұлы!

Аса құрметті Масығұт Рахимұлы!

Сізді 70 жас мерейтойыңызбен шын жүректен құттықтаймыз!
Сіз білім беру саласында ұзақ жылдар бойы өнегелі еңбек етіп, аса ауқымды істер атқарып келдіңіз, әріптестеріңізге осы саланың қыр-сырын үйретуден жалықпадыңыз. Бүгінде ұжымымыз Сізді үлкен абырой-беделге ие болған тәжірибелі де, үздік маман ретінде құрмет тұтып, сыйлайды. Денсаулығыңыз мықты, жүзіңіз жарқын, ғұмырыңыз ұзақ болсын! Сізге баянды бақыт, сарқылмас дәулет, таусылмас табыс тілейміз. Әрқашан мерейіңіз үстем, мәртебеңіз биік болсын!
Мынжанов Масығұт Рахимұлы 1979 ж. СМПИ аяқтап, осы жылдан бастап СММУ-де қызмет атқаруда.
1993 жылы кандидаттық диссертациясын сәтті қорғап шықты, ал 1999 жылы докторлық диссертациясын Мәскеу қаласында қорғады. Масығұт Рахимұлы 105 ғылыми-әдістемелік еңбектің, 6 оқу-әдістемелік әдістеменің, 3 патенттің (2 ҚР және 1 Ресей) және 10 рационалдық ұсыныстардың авторы.
1996 жылдан бастап, ҚР ҰЖҒА корреспондент-мүшесі. М.Р. Мынжановтың жетекшілігімен 2 кандидаттық диссертация қорғалған.
Университетте еңбек еткен жылдары қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы, 7 жыл бойы адам және жануарлар физиологиясы бойынша Диссертациялық кеңестің Ғылыми хатшысы қызметтерін атқарды. 1994-2005 жылдар аралығында С. Торайғыров атындағы ПМУ-дегі паразитология және СММА-дағы адам және жануарлар физиологиясы бойынша 2 Диссертациялық кеңестің мүшесі болды. 2003-2007 жж. СММА тәрбие жұмысы бойынша Бірінші проректоры болып қызмет атқарды. 2009-2018 жж. молекулалық биология және гистология кафедрасының, молекулалық биология және микробиология кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарды. 2001 жылдан бері кафедрада ШҚО, Павлодар, Абай облыстарының мектеп түлектеріне биология пәнінен олимпиадалар өткізілуде.
2007 ж. «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» белгісімен марапатталды. 2016 ж. ҚР 25 жылдығына орай медальмен марапатталды. 2022 ж. бастап университеттің Келісім комиссиясының төрағасы болып тағайындалды.
Мынжанов Масығұт Рахимұлы Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісінің дамуына және медициналық мамандарды дайындауға зор үлес қосты. Қазіргі уақытта профессор өзінің баға жетпес тәжірибесімен жас оқытушылармен бөлісуде.

Рубрикалар: Категориясыз