Госпитальдық хирургия, анестезиология және реаниматология кафедрасында 2024 жылдың 24 cәуірінде СНК кезекті отырысы өтті. СҒҮ басшылары: Абдрахманов С.Т., Ауенов М. А., Масалов А. Е сонымен қатар кафедра оқытушылары, медицина ғылымдарының докторы профессор Аймағамбетов М.Ж., медицина ғылымдарының докторы профессор Бөлегенов Т.А., п.ғ.к. Профессор Масалимов Е.О. болды. Сонымен қатар, СҒҮ ұйымынын 1-2 курс студенттері қатысты. Кездесу тақырыбы: «Хирургия ғылым жолында. Хирургиялық дағдыларды үйрету.». Баяндамада хирургияның ғылым ретінде эволюциясын, хирургиялық дағдыларды оқыту әдістерін, оның ішінде симуляциялық оқытуды, модельдер мен виртуалды орталарда тәжірибені және хирургтардың үздіксіз кәсіби дамуының маңыздылығын қарастырдық. Кездесуде госпитальдық хирургия, анестезиология және реаниматология кафедрасынын тарихынан бастап, хирургия саласындағы жаңалықтар, хирургиялық инструменттер, түйіндер мен тігістерді салудың негізгі әдістері мен түрлерін және әртүрлі хирургиялық араласулар кезінде ескеруді қажет ететін маңызды аспектілер сияқты мәселелер талқыланды. Хирургияны ғылым ретінде зерттеу бірқатар маңызды мақсаттарды көздейді: медициналық көмектің сапасын арттыру; жаңа әдістер мен технологияларды даярлау; пациенттердің қауіпсіздігіне айтарлықтай зиян келтіретін тәуекелдер мен асқынуларды азайту; прогрессивті оқыту және дағдыларды үйрету; осы саладағы ғылыми білімнің дамуы.
Үйірме отырысына қатысушылар хирургия саласында одан әрі дамуға септік тигізетін және хирургияны ғылым ретінде зерттеу үшін негізгі ақпарат алды.