Қазақстанның үздік студенті

Қазақстанның үздік студенті

Қазақстанның үздік студенті болып «Семей медицина университеті» КеАҚ Медицина мектебінің 5 курс студенті Баяхметов Темірхан танылды. 2024 жылдың 26 ​​сәуірінде Астана қаласында Қ.Ж.Тоқаевтың «Адал адам – Адал еңбек – Адал пайда» атты республикалық форумы өтті. Баяхметов Темірхан мемлекетіміздің жастар арасындағы «Қазақстанның үздік студенті» байқауына қатысып, жүлделі орынға ие болды. Белсенді қатысқаны, университеттің қоғамдық студенттік өміріне қосқан үлесі және ғылыми-зерттеу қызметіндегі жоғары жетістіктері үшін кубокпен және бірінші дәрежелі дипломмен марапатталды (ғылыми жетекшісі Июнгүл Сұлжанқызы Мұсатаева, Жалпы білім беретің пәндер кафедрасының доцент м.а.)

Жеңімпазды құттықтаймыз! Алдағы уақытта үлкен табыстар тілейміз!!!

Рубрикалар: Оқу процесі