Білім алушылардың академиялық ұтқырлығы

Білім алушылардың академиялық ұтқырлығы

26.03.2024- 18.04.2024 аралығында Семей медицина университеті КеАҚ «Стоматология» БББ 4 курс студенттері  С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің «Жақ-бет хирургиясы» кафедрасында «Ауыз қуысы хирургиясы» пәні бойынша академиялық ұтқырлық бағдарламасы  бойынша білім алды.

Оқу бағдарламасы «Стоматология» БББ білім алушыларын клиникалық кафедраларда әрі қарай оқуға дайындауға және медициналық мінез-құлық пен ойлауды дамыту арқылы жалпы тіс дәрігерінің кәсіби дағдыларын, сондай-ақ стоматологиялық хирург дәрігерінің  кәсіби міндеттерін шешуді қамтамасыз ететін дағдыларды меңгеруге бағытталған.

Рубрикалар: Оқу процесі