Мамыр айының 7-де еліміз Отан қорғаушылар күні мен 9 мамыр- Жеңіс күні мерекелерін атап өтеді. Бұл мереке – тек ардагерлер мен соғыс балалары үшін ғана емес, барлығымыз үшін де мереке. Қазіргі ұрпаққа соғыс жылдары қандай болғанын елестету өте қиын. 2024 ж. 06 мамырында физиологиялық пәндер кафедрасының аға оқытушысы К.Т. Кусаинова 2419 кураторлық топ студенттерімен КеАҚ СМУ әскери кафедрасымен тәрбие сағатын өткізді. Әскери кафедрада білім алып жүрген студенттер арнайы дайындаған презентацияларын ұсынды. Презентацияда Ұлы Отан соғысына қатысқан қазақстандықтардың ерліктері, Рейхстагқа бірінші болып жеңіс туын тіккен Халық Қаһарманы Р.Қошқарбаевтың, Бірінші Қорғаныс Министрі С.Нұрмағамбетовтың ерліктері, соғыстан кейінгі өмір жолдары жайында деректер келтірілді.
Әскери кафедраның бастығы, медицина қызметінің полковнигі Ш.О.Орынбасаров топ студенттеріне әскери кафедрада білім алудың ережелері, әскери дәрігерлердің өмірі жайында әңгімелеп берді. Студенттер әскери кафедраға түсуге және оқуды бітіргеннен кейін әскери дәрігер болып жұмыс істеуге қызығушылық танытты.