Шығыс даналығында “Бір жылыңды ойласаң – егін ек, Он жылыңды ойласаң – ағаш ек, Жүз жылылыңды – ойласаң ұрпақ тәрбиеле” делінген. “Ересектер, балалар акушерия және гинекология” мамандығы бойынша әртүрлі оқу базаларында резиденттермен бірге 12 клиникалық тәлімгер жұмыс істейді, оның 8-і Семей қаласында, 4-і Өскемен қаласында. Сондай-ақ, Павлодар қаласының филиалында клиникалық тәлімгерлер жұмыс істейді. Клиникалық тәлімгерлер бас дәрігерлер, бөлім меңгерушілері, жоғары санатты дәрігерлер болып табылады, мысалы, Винникова Е.В., Ямушева Н.С., Баймухаметов Е.С., Жакупова Б.Ш., Сайлауова М.Ж., Удалова Н.М., Мейирманова Ж.С., Буртебаева Е.Т. және т. б. Клиникалық тәлімгер – резидентке клиникалық ойлауды дамытуға көмектеседі, пациенттермен және олардың туыстарымен дұрыс,түсінікті тілдесуді , шұғыл медициналық жағдайларда жылдам шешім қабылдауға үйретеді және жылдар бойы алған баға жетпес тәжірибелерімен бөліседі. Резиденттердің практикалық дағдыларын профессионалды түрде қалыптастыруға ат салысады. Акушерия және гинекология мамандығының резиденттерінің миссиясы – әйелдердің репродуктивті қызметін сақтау. Әрбір резидент клиникалық тәлімгермен жұмыс жасай отырып, күнделікті пациенттерге курация жүргізеді, әр пациенттің ағза ерекшеліктерін ескере отырып, емдеу жоспарын тағайындайды, іш қуысының операцияларына ассистент ретінде көмек көрсетіп, шағын операцияларды орындап, пациенттерді амбулаториялық деңгейде ғана емес, сонымен қатар стационарлы деңгейде қабылдау жүргізеді.