Қарттар мен мүгедектер үйінде Жеңіс күніне арналған концерт

Қарттар мен мүгедектер үйінде Жеңіс күніне арналған концерт

2024 жылдың 10 мамырында Қарттар мен мүгедектер үйінде эпидемиология және биостатистика кафедрасының оқытушысы Мукашева Гүлбаршын Дарынқызының ұйымдастыруымен Семей медицина университетінің шетелдік студенттерінің қатысуымен ұмытылмас концерт өтті. Олар Ұлы Жеңіс күніне орай ардагерлер мен қарт тұрғындарға естен кетпес кеш сыйлап, шаңырақты қуанышқа, күлкіге, жылулыққа бөлеп, тамаша концерт ұйымдастырды.

Концертте үнді әуендері, билері мен әндері шырқалып, үй тұрғындарына қуаныш сыйлап, жастық шақтарын есте алдырды. Шетелдік студенттер өздерінің мәдениеттері мен дәстүрлерімен бөлісті және егде жастағы көрермендерге ұмытылмас әсер сыйлады.

Қарттар үйінің тұрғындары студенттер тарапынан көрсетілген ілтипат пен қамқорлыққа дән риза болды. Олар көптеген жағымды эмоциялар әкелген концертке ризашылықтары мен қуаныштарын білдірді. «Үнді музыкасы мен биі біздің өмірімізге үлкен қуаныш пен нұр әкелді. Біз оларға осы тамаша концерт үшін өте ризамыз», – деп бөлісті қарттардың бірі. Сонымен қатар,  әкімшілік  те барлық студенттерге жылы лебіздері, ынталары мен таланттары үшін алғыстарын білдірді.

Бұл тамаша шара аға ұрпаққа деген мейірім мен ілтипаттың шегі жоқтығын және жастардың туған жерден жырақта жүрсе де игі істерге қашанда дайын екенін көрсетті.