ҚҰҚЫҚТЫҚ САУАТТЫЛЫҚТЫ АРТТЫРУ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ. АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫ

ҚҰҚЫҚТЫҚ САУАТТЫЛЫҚТЫ АРТТЫРУ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ. АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫ

13.05.2024 жылы психиатрия және наркология кафедрасында “Құқықтық сауаттылықты арттыру және құқық бұзушылықтардың алдын алу (“Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау”, “Адам құқықтары”) тақырыбында кураторлық сағат өткізілді.  Қатысушылар: кураторлық топ 5108 ЖМ.

Семей медицина университетінің 5 курс студенттеріне психиатрия және наркология кафедрасының ассистенті, куратор А. А. Алмагамбетова өз сөзінде іс – шараның басты мақсаты студенттердің құқықтық сауаттылығы мен құқық бұзушылықтың алдын алу туралы түсініктерін қалыптастыру екенін атап өтті.

Құқықтық сауаттылықты қалыптастырудың міндеті-әр студенттің құқықтық нормалардың негізгі принциптері мен бағытын игеруі, дұрыс құқықтық бағдарды қалыптастыру, заңнама негіздерін біліп қана қоймай, сонымен бірге жеке сенімге, Заңға деген қажеттілік пен әдетке айналатын құқыққа деген терең құрметті қалыптастыру.

Құқық бұзушылықтың алдын алу жүйесінің негізгі міндеттері: студенттер жасаған құқық бұзушылықтар санын азайту; кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау, лайықты өмірлік перспективаларды қалыптастыру үшін жағдайлар жасау; студенттерді заңдылық пен құқықтық тәртіпті сақтау рухында тәрбиелеу болып табылады.

Студенттерге адам құқығы және кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау туралы түсінік берілді. Олар құқық бұзушылықтың алдын алумен және теріс қылықтардың теріс әсерін азайтумен, сондай-ақ оның пайда болуына ықпал ететін себептер мен жағдайларды жоюмен танысты.

Студенттер талқылауға белсенді қатысып, еркін түрде пікірталас өткізіп, сұрақтар қойды. Кездесу соңында студенттер құқықтық сауаттылық, құндылықтарды игеру туралы білім алғанын атап өтті.

Жарияланды: