Стоматологиялық пәндер және ЖБХ кафедрасында оқу процесі инновациялық, интерактивті технологияларды пайдалана отырып ұйымдастырылған. Білім алушылар үшін осындай қызықты технологиялардың бірі – “төңкерілген сынып”. 14.05.2024 жылы доцент Д.М. Сүлейменева “Стоматология” мамандығы бойынша 501 топ студенттерімен бірлесіп, “теңнен теңге”, “студенттен студентке” әдістемелерін және “төңкерілген сынып” интерактивті оқыту әдістерін, Kahoot, түрлі зияткерлік ойындарын біріктіре отырып, ашық сабақ өткізді. Сабақтар “KEYPS” кестесіне сәйкес “Ауыз қуысының шырышты қабығының аурулары” пәні бойынша, “Балалардағы ауыз қуысының шырышты қабығының аурулары”модулі бойынша өткізілді. “Студенттен студентке”, “теңнен теңге”әдістемесі қолданылды. Сабақты 5 курс студенті Рахымғали Дильназ және 608 топ интерн-дәрігері Ахметсапа Ілияс өткізді. Сабақтың теориялық бөлігі үйде аудио, бейне материалдар, электронды және қағаз тасымалдағыштар арқылы өздігінен, интерактивті түрде зерттелді. Алдын ала студенттерге Оқу материалдары, тапсырмалары бар сайттарға сілтемелер жіберілді. Үйде зерттелген материалды практикалық бекіту жасанды интеллектті қолдана отырып, кейстер, ойындар, тесттер мен тапсырмалар түрінде өтті. “Теңнен теңге” және “Төңкерілген сынып” әдістемелері бойынша практикалық сабақтар өткізу оқу процесін, студенттерді белсендіруге ықпал етеді, өйткені пассивті тыңдаушылардың студенттері білім іздеушілер, әзірлеушілер рөліне көшті. Сабақ мақсатына жетіп, материал белсенді түрде талқыланып, игерілді.