Жеңіс күні қарсаңында М. ғ.д., проф. Мусин М. Н. атындағы фармакология кафедрасында мұғалімдер Желдибаева У. Т., Жұматай А. Б., Какытаева А. Э. жетекшілігімен “Бақыт гүлін терген күн” атты іс-шара өткізілді. Жалпы медицина мамандығының 2 курс студенттері қатысты.
Деректі фильм көрсетіліп, Қазақстанның Ұлы Отан соғысындағы үлесі туралы айтылды. Сонымен қатар студенттер өз білімдерін Квиз платформасы арқылы тексерді. Сауалнама нәтижелері бойынша студенттердің ҰОС туралы жақсы білетіндігі анықталды.
Осы іс-шараны ұйымдастыруға белсенді қатысқаны үшін 2209 топқа алғыс айтамыз.