«Радиациялық онкология» мамандығы бойынша резиденттердің клиникалық жұмысы

«Радиациялық онкология» мамандығы бойынша резиденттердің клиникалық жұмысы

Профессор Д.Р. Мусинов атындағы Клиникалық онкология және ядролық медицина кафедрасының «Радиациялық онкология» мамандығы бойынша резиденттері тәжірибелік жұмыстарын Шығыс Қазақстан облысының көпсалалы «Онкология және хирургия орталығының» базасында атқаруда. Резиденттер хирургия, маммогинекология, химиотерапия және радиология бөлімшелерінде жұмыс істейді. Кафедра резиденттері жоғары сапалы клиникалық дайындықтан өтеді, жалпы медициналық жиналыстарға, комиссияларға қатысады, сонымен қатар әртүрлі деңгейдегі конференцияларға қатысады.
Құрметті интернатура бітірушілер! Профессор Д.Р. Мусинов атындағы Клиникалық онкология және ядролық медицина кафедрасы барлықтарыңызды «Радиациялық онкология» мамандығы бойынша резидентураға түсуге шақырады.

Рубрикалар: Оқу процесі