Кейде бала бізге дәстүрлі емес тәсілдермен келеді. Сонда болашақ ата-аналарда кейбір сұрақтар туындауы мүмкін. Осы сұрақтарға жауап алу үшін пациенттерге ЭКО мектебі жұмыс істеуде. ЭКО мектебінің негізгі мақсаты процедуралар алдындағы алаңдаушылықты төмендетуге мүмкіндік беріп, жүргізіліп жатқан емдеу туралы ақпараттық қолдау болып табылады. Сабақта пациенттер «ЭКО процедурасы кезінде мен қандай кезеңдерден өтемін?» деген сұраққа жауап алады
ЭКО мектебі – бұл бірінші кезекте жүктілікті жету жолында қиындықтарға ұшыраған жұптарды қажетті ақпараттық және психологиялық қолдау. Топтық сабақтарды КеАҚ СМУ , ЖДТ кафедрасы ассистенті, дәрігер акушер-гинеколог М.Қ.Жунусова 7 курс интерндерімен бірлесе жүргізеді, туындаған сұрақтарға жауап береді. Сондай-ақ, дәрігерлер 3 жылдан бері табысты жұмыс істеп келе жатқан «Аңсаған сәби» мемлекеттік бағдарламасы туралы , ҚР ДСМ бұйрығына сәйкес квотаға іріктеу критерийлері туралы, квотаға кезекке қалай тұру керектігі, комиссия үшін қандай құжаттарды жинау керектігі туралы ақпарат береді.