Өмірді бағалаңыз!

Өмірді бағалаңыз!

2024 жылғы 29 Мамырда Акушерия және гинекология кафедрасының оқу ісінің меңгерушісі Ш. К. Кинаятованың жетекшілігімен “Жалпы медицина” мамандығының 5 курс білім алушыларымен, сондай-ақ “Ересектер, балалар акушерия және гинекологиясы” мамандығының 1 және 2 курс резиденттерімен “Өмірді бағала!» атты кездесі өткізілді. Іс-шара барысында білім алушылардың тек оқуда ғана емес, өмірде де мәселелерді қалай жеңуге болатындығын, адамды деструктивті қадамға итермелейтін себептер, жақындарына немесе науқастарға осы ойларды жеңуге қалай көмектесетіні туралы мәліметтер берілді. Әңгіме барысында “өмірдің құндылығы”, “өмірдің мақсаттары мен мәні”сияқты ұғымдар қарастырылды. Білім алушыларға түрлі жағдайлар ұсынылып, шешімдер табуға ұсыныс жасалды. Соңында біз әрқайсымыз қолдауды қажет ететін жақын адамымызға назар аудара аламыз деген қорытындыға келдік. Суицидтің алдын алдын алуға болады!

Рубрикалар: Категориясыз