16.09 – 17.09.2024 жылы ЖББП кафедрасының доцент м.а., п.ғ.к. М.Д.Жорокпаева кафедра жоспарына сәйкес ашық сабақ өткізді. Ашық сабақ 16.09.2024 жылы 1126 медицина тобында 8.00-8.50, 1124 медицина тобында 12.00-12.50 аралығында, 17.09.2024 1229 медицина тобында 13.00-13.50 уақыт аралығында өтті.
Сабақ тақырыбы: Неке дегеніміз не? Отбасын неше жаста құру керек?
Сабақ жоспары, мақсаты, ұйымдастыру кезеңі, жаңа сабақты талқылау, бекіту, бағалау кезеңдері мен кері байланыста талаптарға сәйкес жүргізілді. Сабақта түрлі әдіс-тәсілдер кеңінен қолданылды. Ұйымдастыруда түрлі смайликтер, жаңа сабақта «Отбасын құру оңай ма?» дебат сабақ, бекіту кезеңінде қорытынды пікірлер мен кері байланыстан тұрды. Бағалау мен кері байланыста студенттердің өз ойларын тыңдау, пікірлерімен санасу жұмыстары жүргізілді.
Сабақ барысында студенттерге дебат ережесі таныстырылды. Студенттер «Жақтаушы», «Даттаушы» топтартар болып бөлінді. Дебат 3 кезеңнен тұрды. Бірінші кезең өздерін таныстыру, мәлімет беру, екінші кезең аргумент келтіру, сұрақтар қою, үшінші кезеңде қорытындылау. Дебатта таймспикер, төрешілер тағайындалды. Үй тапсырмаларына әр түрлі постерлер дайындап келіп, спикерлер сөйлегенде қолданды. Студенттер білімдерін жан-жақты ашып көрсете алды.
Дебат білім алушыларды көркем сөйлеуге, сөздік қорларын арттыруға, сенімділіктерін нығайтуға, қорқыныштарын жеңуге, дикцияларын қоюға көмектеседі. Тақырыпқа қатысты білетін қосымша ақпараттарымен ой бөлісіп, тілге деген қызығушылықтарын танытты.
Ашық сабаққа «Медициналық білім беруде сапа мен бақылау бөлімі» маманы Сая Санатқызы, тарих пәнінің аға оқытушысы Т.А. Мұздыбаева, қазақ тілі оқытушылары Phd, қауымдастық профессорының м.а. Ш.Б.Кадирсизова, оқытушы Н.М.Абешова қатысып, өз пікірлерін білдірді.
ЖББП кафедрасының доцент м.а., п.ғ.к.М.Д.Жорокпаева