ПОҚ академиялық ұтқырлығы

ПОҚ академиялық ұтқырлығы

“Семей медицина университеті” мен И.Қ.Ахунбаев атындағы Қырғыз мемлекеттік медицина академиясы арасында жасалған ынтымақтастық туралы шарт шеңберінде өткізілетін іс-шараларды іске асыру мақсатында 07.10.2024 ж. бастап 11.10.2024 ж. дейін академиялық ұтқырлық бағдарламасы шеңберінде жұқпалы аурулар, дерматовенерология және иммунология кафедрасының доценті С.Б. Маукаева “Аса қауіпті инфекциялар” пәні бойынша дәрістер курсын оқыды. И.Қ.Ахунбаев атындағы Қырғыз мемлекеттік медицина академиясында “Медициналық-профилактикалық іс” мамандығы бойынша оқитын 5 курс студенттері. Дәрістер Қазақстанда таралған аса қауіпті инфекциялардың: сібір жарасы, бруцеллез, кене энцефалиті, Конго Қырым геморрагиялық қызбасы, туляремия эпидемиология, диагностика, емдеу және алдын алу мәселелеріне арналды.