Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің 10 жылдығына орай еліміздің түкпір-түкпірінен келген студенттік командалар алғаш рет сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптағы зияткерлік Quiz ойынында шайқасты.
Еліміздің 10 аймағынан келген студенттер комплаенс-офицерлер бастаған алты адамнан тұратын команда жасақтап, қатысты. Қызықты зияткерлік сайысты С. Аманжолов атындағы ШҚУ мен ШҚО бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бірлесіп өткізді. Сайыс жеті түрлі кезеңді қамтыды.
«Семей медицина университеті» КЕАҚ студенттері мен «Alikhan Bokeikhan University» Білім беру мекемесінен құралған Абай облысының намысын қорғаған команда жүлделі 2-ші орынға ие болды. Команда құрамы «Семей медицина университеті» КЕАҚ команда капитаны – комплаенс-офицері М.Т. Бейсембаевтан, 5-курс студенттері Б.М. Мұхаметпековтен және Д. Шадибекұлынан, сондай-ақ «Alikhan Bokeikhan University» 3 студентінен құралды.
Команда барлық кезеңдерден сәтті өтіп, Республикалық деңгейде лайықты өнер көрсете отырып, терең білімін, тапқырлығын және жеңіске деген ұмтылысын көрсетті. Жарыс 7 турдан болып, әр тур 7, 12 сұрақтан тұрды. Команда барлық кезеңдерде жоғары нәтижелерге қол жеткізді және лайықты жеңіске жетті.
Команданың зияткерлік жетістіктері кубокпен, грамотамен, 300 000 теңгеге сертификатпен және естелік наградалармен әділ бағаланды. Бұл жеңіс-қажырлы еңбек пен білім мен жеңіске деген ұмтылыстың айқын дәлелі.