2024 жылғы 4 қазанда эпидемиология және биостатистика кафедрасының оқытушысы Мукашева Гүлбаршын Дарынқызына бекітілген “Жалпы медицина” факультетінің 3337 тобымен алғашқы кездесу-танысу және кураторлық сағат өтті. Топта әлемнің әр елдерінен келген 11 шет ел студенттері оқиды. Куратор топ студенттерін университеттегі тәртіп ережелерімен, сондай-ақ пән саясатымен таныстырды. Жиын барысында куратор студенттерге топпен 2024-2025 оқу жылына арналған жұмыс жоспарын ұсынды. Жоспар талқыланып, топпен келісілді. Жоспарда әртүрлі мәдени, сауықтыру және санитарлық-ағарту жұмыстары көрсетілген.