2024 жылғы 11-15 қараша аралығында «Семей медициналық университеті» КЕАҚ қоғамдық денсаулық кафедрасында профессорлық-оқытушылық құрамның академиялық ұтқырлық бағдарламасы шеңберінде PhD, «Астана медициналық университеті» КЕАҚ қоғамдық денсаулық және менеджмент кафедрасының доценті Марғұлан Уалханұлы Уажанов болды.
Өз сапары аясында Марғұлан Уалханұлы «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша 4-курс студенттеріне дәріс оқыды, сондай-ақ жеделдетілген оқыту нысанындағы мейіргерлік істің 3-курс студенттері үшін «Менеджмент және мейіргерлік істегі сапа» пәні бойынша сабақтар циклін өткізді.
Университеттер арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту үшін академиялық ұтқырлық шеңберінде тәжірибе алмасу бойынша оқытушылардың сапары жоспарлануда.