Бүгін Абай облысының аудандарымен кездесулер өз мәресіне жетті. Осы кездесуге облысымыздың ең үлкен және шырайлы табиғатымен танымал аудандар қатысқан, атап өтетін болсақ Үржар мен Мақаншы аудандары және жақында жеке аудан болып құрылған Жаңасемей ауданы. Дәстүрлі түрде дипломнан кейінгі білім беру және ұйымдастыру мәселелері жөніндегі проректор – Думан Берікұлы сөз кезегін аудан әкімдерінен бастаған болатын, ары қарай баяндама кезегі бас дәрігерлерге берілген. Үржар ауданының әкімдігі атынан Үржар аудан әкімінің орынбасары – Әсет Асхатұлы Баймұрзаев, Үржар ауданының көпсалалы орталық ауруханасының бас дәрігері – Баубек Шайзаданұлы Абылқасымов. Мақаншы ауданының әкімдігі атынан Мақаншы аудан әкімінің орынбасары – Олжас Амангелдіұлы Соғымбай, Мақаншы ауданының ауруханасының бас дәрігері – Әз-Жәнібек Жармұхаметұлы Кәкен, Жаңасемей ауданының әкімдігі атынан Жаңасемей аудан әкімінің орынбасары – Самат Құдайбергенұлы Омарғазин, Жаңасемей ауданы бойынша ДСБ басшысы – Бақыт Саданқызы Баирова қатысқан. Абай облысы бойынша денсаулық сақтау басқармасы атынан Денсаулық сақтаудағы персоналды басқару және кадр ресурстарын мониторингілеу бөлімінің басшысы – Эльмира Мерхатқызы Турарова апта бойы өткен жиындарға жүйелі түрде қатысып отырғанын атап өткен жөн.
Білім алушылар тарапынан ауданда қазір қандай мамандарға сұранысқа ие, жалпы тәжірибелі дәргердің қолына алатын еңбек ақысы сында сұрақтар қойылған болатын. Бас дәрігерлер мен денсаулық сақтау басқармасының басшысы сұраққа толыққанды жауап беруге тырысты.
Келесі аптаны Павлодар облысының аудандарымен бастайтын боламыз.