Қыздарды тәрбиелеу: ұлт болашағының негізі

Қыздарды тәрбиелеу: ұлт болашағының негізі

14.11.2024 ж. «Қыз жібек» қыздар клубының жетекшілері Садыкова Л.К, Жакупбекова Э.А. және университеттің психологы Нуриден Г.Е. №3 студенттер үйінде тұратын студенттермен «Қыз тәрбиесі -ұлт тәрбиесі» тақырыбында кездесу өткізді. Кездесу барысында қыздардың гигиенасы, тәрбиесі, жауапкершілігі мен өзін-өзі тануын қалыптастыру мәселелеріне баса назар аударылды. Жастық кезеңде дұрыс әдеттер мен білімді қалыптастыру денсаулық пен болашақта үйлесімді өмір сүру үшін үлкен маңызға ие. Студенттер кездесуден жағымды әсер алып, өздерін қызықтыратын сұрақтардың жауаптарын тауып және  студент қыздар арасындағы өзекті мәселелерді талқылады. Сонымен қатар, осы көтеріліп отырған мәселелердің болашақта қаншалықты маңызды екендігін түсінгендерін қуана жеткізді.  Мұндай іс-шаралар білім мен тәжірибе алмасу алаңы ғана емес, сонымен қатар жауапты және салауатты қоғамды қалыптастырудағы маңызды қадам болып табылады.

Қыздарды тәрбиелеу-бұл шынымен де ұлтты тәрбиелеу және мұндай кездесулер біздің қоғамды жақсартуға көмектесетініне сенімдіміз.