Семейде Семей ядролық полигонының жабылғанына 33 жыл толуына орай дәстүрлі бейбітшілік шеруі өтті.
«Невада – Семей» халықаралық антиядролық қозғалысының белсенділері, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, қоғам қайраткерлері мен қала тұрғындары «Өлімнен де күшті» монументіне гүл шоқтарын қойып, ядролық сынақ құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алды.
Еске салайық, Семей полигоны осыдан 33 жыл бұрын, 1991 жылы 29 тамызда жабылған болатын. Осылайша Қазақстан ядролық қарудан бас тартқан әлемдегі алғашқы мемлекеттердің бірі болды. Биылғы жылы да ерекше болған жоқ – Бейбітшілік аралында Жапония делегациясын, сондай-ақ Ирландияның «Чернобылдан да үлкен іс» қайырымдылық қорының жетекшісі Фиона Коркоранды қарсы алды.
Маңызды шараға біздің университетіміз, оның ішінде балалар ауруларының пропедевтикасы кафедрасының ассистенттері де белсене қатысты.