ШҚО неврологтарының қоғамы өтті

ШҚО неврологтарының қоғамы өтті

2024 жылғы 8 қарашада ШҚО невролог мамандарының теориялық және практикалық дайындық дәрежелерін көтеру мақсатында, 2024 жылға арналған неврологтар қоғамының жұмыс жоспарына сәйкес  ШҚО штаттан тыс бас неврологі Е.М. Айнабекованың ұйымдастыруымен «ШҚО

неврологиялық қызметінің 2024 жылғы жұмысына талдау» туралы нейрохирургтармен бірлесіп облыстың неврологтар қоғамын өткізді

Бұл шараға Облыстың медициналык ұйымдарының басшылары, неврологтар, нейрохирургтар және МСАК ұйымдарының меңгерушілерінің (аға дәрігерлері) қатысты.

Өскемен қаласы,ЖДТ кафедрасының ассистеннтері, дәрігер-неврологтар Енсибаева Ш.Д, Мукажанова А.К қатысып қайтты.

Шара барысында ШҚО Инсульт орталығының есебі тыңдалды, нейрохирург дәрігерлер ерекше кейстермен бөлісті.

Кездесу өте мазмұнды, пайдалы және жақсы ұйымдастырылған. Шара барысында неврологтар инсульттерді емдеудің жаңа заманауи әдістерімен танысып, неврология бойынша білімдерін нығайтты. Мұндай шаралар әрқашан өзекті болады. Медицина дамуда бір орында тұрмайтынын ескере отырып, мұндай  қоғамдар білімді жаңартуға, дағдыларды пысықтауға және тәжірибемен бөлісуге мүмкіндік береді.

Жарияланды:
Рубрикалар: Семинарлар