Шетелдік білім алушылар мектебіндегі сапа жөніндегі комиссия жұмысының белсенділігі

Шетелдік білім алушылар мектебіндегі сапа жөніндегі комиссия жұмысының белсенділігі

Шетелдік студенттерге арналған мектепте сапа комиссиясының жұмысы жүргізілуде. Жұмыстың мақсаты оқу үдерісінің сапасын, білім беру бағдарламаларының орындалу сапасын реттеу болып табылады. Жұмыс жоспары қыркүйек айында талқыланды. 10 және 11 қазанда комиссия төрағасы Олжаева Р.Р., комиссия төрағасының орынбасары Ван О.Т. симуляциялық және білім беру технологиялары кафедрасының бірнеше сабақтарына қатысты (3338 және 3337 тобында, Науқаспен тиімді қарым-қатынас жасау дағдылары) оқытушылар Ыкыбаева Н.Б., Ван О.Т.; Н.А.Хлопов атындағы анатомия, гистология, топографиялық анатомия кафедрасында (431 топ, Топографиялық анатомия) мұғалімі Амангелді М.Қ. Сабақтардың жақсы деңгейде өтіп жатқанын, тақырыптарды меңгеру үшін оқу бөлмелерінде қажетті құрал-жабдықтардың бар екенін атап өткім келеді. Сабақтар презентация, әңгімелесу, рөлдік ойындар, тәжірбиелік дағдыларды дамыту арқылы өткізіледі. Кері байланыс жүргізу барысында студенттер оң пікірлерін білдіріп, пәндерді оқытудың жоғары сапада екенін атап өтті.                      Олжаева Р.Р., Ван  О.Т., Шетелдік филиал мектебі

Рубрикалар: Оқу процесі