Lippincott Williams & Wilkins медициналық коллекциясына тестілік қол жетімділік іске қосылды

Lippincott Williams & Wilkins медициналық коллекциясына тестілік қол жетімділік іске қосылды

Құрметті оқытушылар мен білім алушылар!

Университет кітапханасы университетте Wolters Kluwer Health компаниясының Lippincott Williams & Wilkins медициналық коллекциясына тегін тестілік қол жетімділік ашылғанын хабарлайды.

Lippincott (LWW)- жетекші халықаралық баспагер және жетекші медициналық, мейірбикелік және сауықтыру мамандары мен қауымдастықтарының серіктесі, мамандандырудың 25-тен астам саласында ең соңғы және ықпалды зерттеулерді жариялайды.

Қол жетімділік: 2024 жыл 02 желтоқсан

Ұзақтығы: бір ай

Ресурсқа сілтемеhttps://ovidsp.ovid.com/

Логин мен парольді мына жерден алуға болады: library@smu.edu.kz

Тіркемеде университетке қолжетімді журналдар көрсетілген.

Осы мүмкіндікті пайдалануға асығыңыз-табысты білім беру қызметі үшін электрондық журналдарды пайдаланыңыз.

Жарияланды: