2024 жылдың 11 желтоқсанында ішкі аурулар пропедевтикасы кафедрасында Гүлдана Манатбекқызы Аманғалиеваның жетекшілігімен 3 курс студенттері арасында «Қан түзу-лимфа жүйесінің патологиясы» пәнінен пәндік олимпиада ұйымдастырылды. Олимпиаданың басында құттықтау сөзімен кафедра ассистенті Аманғалиева Г.М.
Олимпиаданың мақсаты – 3 курс студенттерінің цикл барысында алған білімдерін тиянақтау және қорытындылау.
Олимпиада 3 кезеңде өтті: 1 кезең – Kahoot бағдарламасы арқылы тестілеу; 2 кезең – жағдаяттық тапсырмалар түріндегі ауызша кезең; 3 кезең – практикалық дағдылар. Студенттер теориялық жағынан да, практикалық жағынан да жақсы өнер көрсетті.
Қорытындылай келе, құттықтау сөз сөйлеген кафедра меңгерушісі Қ.Ш.Амренова. қатысқандары үшін студенттерге алғысын білдірді. Олимпиада жеңімпаздары 1, 2, 3 дәрежелі дипломдармен марапатталып, қатысушыларға растайтын сертификаттар табыс етілді.