2024 жылдың 09 желтоқсанда ішкі аурулар пропедевтикасы кафедрасының базасында Ракымгазиева Акерке Серікқызының жетекшілігімен 3 курс студенттері арасында “Зәр шығару жүйесінің патологиясы” пәні бойынша пәндік олимпиада ұйымдастырылды.
Олимпиаданың мақсаты-3 курс студенттерінен циклден өту кезеңінде алған білімдерін бекіту және қорытындылау.
Олимпиада 3 кезеңде өтті: 1 кезең – Kahoot бағдарламасы арқылы тестілеу; 2 кезең – ситуациялық міндеттер түріндегі ауызша кезең; 3 кезең – практикалық дағдылар. Студенттер өздерін теориялық жағынан да, практикалық жағынан да жақсы жағынан көрсетті.
Қорытындылай келе, студенттерге қатысқаны үшін алғыс айтылды. Олимпиаданың барлық жеңімпаздары грамоталармен марапатталды, қатысушыларға растайтын сертификаттар табысталды.