ҚР ҰҒА академигі Т.Қ. Раисов атындағы молекулалық биология және медициналық генетика кафедрасында 2025 жылдың 20 қаңтар мен 24 қаңтар аралығында кафедра меңгерушісі А.С. Оразалина және оқытушы Б.З. Елькенова «Қысқы мектеп» шеңберінде «Жасушалық ұрпақтар қатарында генетикалық ақпараттың тасымалы» атты тақырыпқа сабақтар өткізді. Қысқы мектепке «Медицина» ОБ мамандығының І курс шетел студенттері қатысты. Тыңдаушыларға арнап 3 кредиттік көлемде оқу-тақырыптық жоспарлар мен силлабус дайындалды. Қысқы мектептің мақсаты: генетикалық ақпарат тасымалына, генетикалық ақпараттың жасуша ішіндегі өңделуіне, генетикалық белсенділіктің реттелуіне қатысты сұрақтарды кеңінен және тереңдетіп оқу, сонымен қатар білім беру бағдарламасын меңгеруде қиындықтар туған студенттерге көмек көрсету.