Профессор Т.А. Назарова атындағы физиологиялық пәндер, профессор Ю.В.Пругло атындағы патологиялық анатомия және сот медицинасы кафедраларында қысқы мектеп өтті. Қысқы мектеп – бұл «Жалпы медицина» мамандығының 3 курсстуденттеріне 3 тілдетегін көрсетілетін қосымша білім беру қызметтерінің жүйесі. Қысқы мектептің тақырыбы: «Пневмониялардың патофизиологиясы мен патоморфологиясы».
Қысқы мектептің мақсаты –студенттердің патологиялық физиология және патологиялық анатомия туралы білімдерін кеңейту және тереңдету. Сабақтар дәрістер түрінде өтеді. Кафедралар қосымша білім беру бағдарламасының 3 кредитіне сәйкес тақырыптық жоспар құрды. Кафедра оқытушылары студенттердің назарына патологиялық физиология бойынша келесі тақырыптарды ұсынды:
Пневмониялар, анықтамасы,түсінігі. Пневмониялардың этиологиясы. Пневмониялардың пайда болуындағы химиялық,физикалық,биологиялық факторлардың рөлі. Пневмониялардың патогенезі. Пневмониялар кезіндегі клиникалық көріністердің негізгі патогенетикалық механизмдері.
Ал,патологиялық анатомия бойынша келесідей тақырып қамтылды:
Әртүрлі этиологиялы бронхопневмониялардың морфологиялық сипаттамасы. Крупозды пневмониялардың морфологиялық сипаттамасы. Әртүрлі этиологиялы интерстициальді пневмониялардың морфологиялық сипаттамасы.
Қысқы мектеп тақырыбы студенттер арасында шынайы қызығушылық тудырды. Тақырыптың өзектілігі күмән тудырмайды. Тақырыпты талқылаудан кейін студенттер мұғалімдерге белсенді түрде сұрақтар қойды. Әсіресе микро-және макропрепараттардың көрсетілімі үлкен қызығушылық тудырды. Қысқы мектептің соңында тыңдаушыларға сертификаттар беріледі.
Профессор Т.А. Назарова атындағы физиологиялық пәндер, профессор Ю.В. Пругло атындағы патологиялық анатомия және сот медицинасы кафедралары қысқы мектеп оқушыларының алған білімдері болашақта клиникалық кафедраларда көрініс табатынына сенім білдіреді.
Профессор Т.А. Назарова атындағы физиологиялық пәндер, профессор Ю.В.
Пругло атындағы патологиялық анатомия және сот медицинасы кафедралары.