2025 жылдың 8 – 9 ақпан аралығында СМУ КеАҚ кәсіподақ ұйымы мен дене шынықытыру кафедрасының ұйымдастыруымен университеттің оқытушылар мен қызметкерлер арасында жүзуден жарыс өтті.
Іс-шараның мақсаты – ұжымда қолайлы көңіл күй қалыптастыру, салауатты өмір салтын насихаттау және белсенді демалысқа ынталандыру.
Жарысқа қатысушылар ерлер, әйелдер болып жас ерекшеліктері бойынша 50 жасқа дейін және 50 жастан кейін категориясына бөлінді:
50 жасқа дейінгі ерлер 100 метрге 50 жастан кейінгі 50 метрге сондай – ақ 50 жасқа дейінгі әйелдер 50 метрге 50 жастан кейінгі әйелдер 25 метрге жүзу бойынша жарыста бақ сынасты.
50 жасқа дейін ерлер бойынша 1 – орын Т. Кылишбеков, 2 – орын Д.К.Караханов, 3 – орын Е.Кайранбеков;
50 жастан кейінгі ерлер бойынша 1 – орын С.С.Смагулов, 2 – орын А.М.Кыдырбаев, 3 – орын А.С.Культуманов;
50 жасқа дейінгі әйелдер бойынша 1 – орын А.Ш.Кульгимбаева, 2 – орын Г.Ж.Бибекова, 3 – орын Н.М.Культуманова;
50 жастан кейінгі әйелдер 1 – орын Р.Т.Зейнулина, 2 – орын Р.И.Алибекова, 3 – орын Д.Б.Батиханова.
Сондай ақ жеңіске деген ерік жігері үшін қатысушылар жұбаныш сыйлықтарымен марапатталды.