Стоматология пәндер және жақ-бет хирургиясы кафедрасының қысқы мектебі

Стоматология пәндер және жақ-бет хирургиясы кафедрасының қысқы мектебі

Стоматологиялық пәндер және жақ-бет хирургиясы кафедрасының меңгерушісі Д.М. Сүлейменева 13-20 қаңтар аралығында кафедраның ПОҚ қатысуымен “Стоматология мәселелері” қысқы мектебін ұйымдастырды. Мектепке “Стоматология” мамандығы бойынша 2-5 курстың 24 студенті жазылды. Кафедраның ПОҚ, пәндер бойынша жауапты үйлестірушілер жазғы, қысқы сессияның нәтижелерін алдын ала талдап, проблемалық мәселелерді, білім алушылар әлсіз білімдерін көрсеткен тақырыптарды анықтады. Осы нәтижелерге сәйкес 10 тақырып бойынша тақырыптық жоспар және силлабус әзірленді. Өткізу бойынша ақпарат университет сайтына және басқа да дереккөздерге жарияланды, білім алушыларға жеткізілді. Сабақтар мен дәрістердің тақырыптық жоспары сессия нәтижелерін талдау және студенттердің кері байланысы нәтижесінде таңдалған осы проблемалық мәселелер мен тақырыптар бойынша жасалды. Күн сайын кафедраның ПОҚ дәрістер оқыды, сабақтар, кеңестер өткізді, проблемалық тақырыптардың күрделі мәселелері түсіндірілді.
Тыңдаушыларға бейнематериалдар, дәріс материалдары ұсынылды. Барлық қатысушылар күн сайын белсенді қатысып, жұмыс істеді.

Рубрикалар: Оқу процесі