Терапия кафедрасы Астана медицина университетінің гастроэнтерология, эндокринология және пульмонология курстары бар медицина ғылымдарының кандидаты, ішкі аурулар кафедрасының доценті Жукушева Шолпан Тұрғанбайқызына академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында студенттерге оқу сабақтарын өткізгені үшін шынайы алғысын білдіреді. 2025 жылдың 3 ақпаны мен 7 ақпаны аралығында Жукушева Ш.Т. пәндік жоспарға сәйкес 4 курс студенттеріне «Емханадағы жүрек-тыныс алу жүйесі» пәні бойынша CBL оқыту әдістерін, шағын топтарда жұмыс жасау, ауызша сұрау, тестілеуді қолдану арқылы практикалық сабақтар жүргізді. Кәсіби шеберлік, терең білім мен ұстаздыққа берілгендік оқу процесін бай әрі өнімді етті. Студенттер құнды теориялық білім мен практикалық дағдыларға ие болды. Біз одан әрі жемісті ынтымақтастыққа, академиялық байланыстарды дамытуға және тәжірибе алмасуға үміттенеміз.