Университет кітапханасында 1 курс студенттеріне күнделікті «Эпиграф» және «Аknurpress» электронды оқулықтар базасына тіркеу өткізілді. «Оқу және ғылыми бағыттағы электрондық ресурстардың мүмкіндіктері» тақырыбы кеңінен таныстырылды. Студенттерге электрондық деректер базасына тіркелу алгоритмі, ақпаратты іздеудің әдістері мен мүмкіндіктері айтылды. Ақпараттық сауаттылық оқырмандар үшін тиімді, өйткені бір уақытта теориялық білімін қалыптастырып, өзіндік жұмыстарына қажетті кітапхананың рестурстарын кеңінен қолдана алады.