Жұқпалы аурулар, дерматовенерология және иммунология кафедрасының қызметкерлері кафедра меңгерушісі, профессор Н.К. Шаймарданов және профессордың м.а. Е.М. Смаил Семей қаласының жалпы дәрігерлік практика кафедрасының қызметкерлерін 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады. Осы мерекелік көктем күнінде университет аралық олимпиадаларға белсенді қатысатын профессордың м.а. О.А. Юрковская, доцент м.а. Г. Т. Тулеутаева, доцент м. а. Р.И. Фаизова, ассистент А. Хисметова құттықтаулар алды. Инфекционистер әріптестеріне амандық және одан әрі жемісті ынтымақтастық тіледі. Шаймарданов Н. К., Смаил Е.М.