Ашық есік күні Өскелең ұрпақпен кәсіптік бағдар беру жұмысы – кез келген мемлекеттің қорғаныс қабіл

Ашық есік күні Өскелең ұрпақпен кәсіптік бағдар беру жұмысы – кез келген мемлекеттің қорғаныс қабіл

2025жылдың 05 наурызында “Семей медицина университеті” КеАҚ әскери кафедрасының базасында кафедра бастығы медицина қызметінің полковнигі Шыңғыс Оразмұхаметұлы Орынбасаровтың жетекшілігімен профессор-оқытушылар құрамының қатысуымен: полковник Р.Т. Мамыканов, медицина қызметінің подполковниктері Н.С.Смаилов, А.Т.Смагулов және И.Н.Шерстобитов “Семей қаласының Дүйсенбі Қалматаев атындағы мемлекеттік жоғары медициналық колледжінің “ШЖҚ КМК 2 курс студенттері үшін “Семей медицина университетіне” оқуға түсуге және әскери кафедрада оқуға кәсіптік бағдар бере отырып, “Ашық есік күні” ұйымдастырылды (колледждің арнайы пәндер оқытушысы Құсманов Ақылбек Тұрлыханұлы, медицина қызметінің подполковнигі, Қарулы күштердің ардагері, ҚР ҚМ Семей қаласының әскери госпиталінің бұрынғы бастығы).

Студенттерге жалпы әскери дайындық, әскери токсикология,радиобиология және медициналық қорғау, медициналық қызметті ұйымдастыру және тактикасы, әскери гигиена және эпидемиология пәндері бойынша оқу бөлмелері көрсетілді, сондай-ақ әскери-медициналық мүлікке қысқаша шолу жасалды. Шағын кітапханамызда білім алушылар оқудан бос уақытында білім ала алады, әскери-медициналық мамандықтар бойынша профессор-оқытушылар құрамы дайындаған оқу-әдістемелік құралдарды ала алады.

Арнайы жабдықталған қару-жарақ бөлмесінде курсанттар әртүрлі спорттық қарулармен танысты.

Сондай-ақ М.Мәметова атындағы университеттің мұражайын аралады. Студенттер әскери дайындықтан өтуге қатысты барлық сұрақтарына жауап алды.

Тәрбие жұмысына жауапты

медицина қызметінің подполковнигі Н.Смаилов

Жарияланды: