2025 жылдың 4 наурызында біздің университеттің әскери кафедрасында Семей қаласындағы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Ұлттық әскери-патриоттық орталығы филиалының өкілдерімен кездесу өтті. Студенттер алдында орталық бастығының орынбасары, Семей қалалық филиалының бастығы,подполковник Жұмағұлов Нұрсұлтан Аликұлы және филиалдың эстрадалық-би ұжымының әртісі сержант Тұрапов Әділет Молдабекұлы сөз сөйледі.
Қонақтар орталықтың қызметі туралы айтып, оның жастарды патриоттық тәрбиелеудегі маңызды рөлін атап өтті. Шығармашылық студенттердің мүмкіндіктеріне ерекше назар аударылды: орталықтың әскери оркестрі мен дыбыс жазу студиясы дарынды музыканттар мен орындаушыларға әрқашан есіктері ашық екендігін айтты.
Орталық өкілдері ынтымақтастыққа қуанышты екендіктерін және өнер мен музыка саласында дамуға ұмтылатын студенттерге қолдау көрсетуге дайын екендіктерін атап өтті. Бұл кездесу “Семей медицина университеті” КеАҚ студенттері үшін шығармашылық бастамалары және олардың елдің мәдени өміріне қатысу перспективалары туралы көбірек білуге тамаша мүмкіндік болды.
Тәрбие жұмысына жауапты
медицина қызметінің подполковнигі Н.Смаилов