Абай, Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарының мектеп түлектерімен «ZOOM» – платформасында кездесу

Абай, Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарының мектеп түлектерімен «ZOOM» – платформасында кездесу

2025 жылға талапкерлерді тартуға арналған жоспарға сәйкес, 28 ақпанда Қабылдау комиссиясы және Medical Foundation  бөлімі Абай, Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарындағы мектеп түлектеріне онлайн-кеңес өткізді. ZOOM конференциясына талапкерлер мен ата-аналар қатысты. Кездесу барысында талапкерлерге университетке қабылдау, университеттегі білім беру бағдарламаларының қолжетімділігі, мемлекеттік білім гранты бойынша оқуға түсу шарттары, ауыл квотасы, шекті баллдар, оқу құны, жатақханада тұру құны, т.б. ақпараттар беріліп, университеттің инфрақұрылымы туралы да қызығушылықпен ақпарат алынды. Мұндай шараны өткізу университет үшін дәстүрлі және талапкерлер үшін қажет. Оқушылар тарапынан бірқатар сұрақтар қойылып, оларға жауаптар берілді. Қорытындылай келе, мектеп оқушыларына ҰБТ сәтті тапсырып, жоғары оқу орнына түсуге сәттілік тіледі.

Жарияланды: