2025 жылғы 3 наурыздан 2025 жылғы 7 наурызға дейін онлайн форматта Лакхнау (Үндістан) ядролық медицина кафедрасының шақырылған профессоры, доктор Амитабх Арьяның қатысуымен мастер-класс өтті. Ядролық медицина кафедрасының профессоры Амитабх Арьяның ұйымдастыруымен «СМУ» КеАҚ мейіргер ісі кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы, сонымен қатар «Қоғамдық денсаулық сақтау», «Мейіргер ісі» мамандықтары бойынша докторанттар мен магистранттар үшін шеберлік дәрістер ағылшын тілінде: Академиялық жазу. Ғылыми мақаланы жазу тақырыбы бойынша өткізілді. Баяндамашы 5 күн ішінде академиялық жазу негіздерін, дәлелдемелік деректер базасымен жұмыс істеуді және зерттеу дизайнын таңдауына байланысты мақаланың негізгі бөлімдерін қамтитын дәрістерді оқыды. Бұл шеберлік дәрістер – мейіргер ісі кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы үшін білімдерін жетілдірудің тағы бір үрдісі және екі ел арасындағы өзара ынтымақтастық, бұл медицина саласындағы білімнің ақпарат алмасу алаңы екенін, елдер арасындағы тәжірибе мен достықтың, ал арамыздағы шақырымдардың кедергі емес екенін көрсетеді. Шеберлік дәрістердің аяқтаған соң «СМУ» КеАҚ мейіргер ісі кафедрасы мен басшылығы шақырылған профессор, оқытушы Амитабх Арияға денсаулық сақтау саласындағы ғылым мен білімнің дамуына қосқан таптырмас үлесі үшін алғысын білдіреді.