17 наурыз «Наурызнама» онкүндігі – «Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні»

17 наурыз «Наурызнама» онкүндігі – «Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні»

2025 жылғы 17 наурызда «Күміс университет» жобасы аясында және Қазақстан Республикасындағы Наурызнама декадасы бойынша – Мәдениет және ұлттық дәстүрлер күніне орай КЕАҚ «СМУ» А.А. Қозбағаров атындағы акушерия және гинекология кафедрасы Семей қаласындағы қарттар мен мүгедектерге арналған Медико-әлеуметтік мекемеде іс-шара өткізді.

Кафедра меңгерушісі Гүльяш Алтынғазиновна Танышева құттықтау сөз сөйледі. Кафедра қызметкерлері және жергілікті мен шетелдік «Жалпы медицина» факультетінің студенттерімен бірге ұлттық дәстүрлер – құдалық, беташар, шашу, бата беру рәсімдерін дайындап, көрсетті.

Үндістан мен Пәкістаннан келген студенттердің ұлттық әндері мен билері барлық қатысушылардың көңілін көтерді. Студенттер мен кафедра ассистенттері қарт кісілерге құттықтау сөздерін арнап, ұлттық киімде билер мен халық әндері орындалған концерттік бағдарлама ұсынды. Шарада мерекелік көңіл-күй сезілді.

Рубрикалар: Категориясыз