2025 жылдың 6 наурызында «Жалпы білім беру пәндері» кафедрасының оқытушысы Букатаева А.Б. 1308 топ студенттерімен бірге «Әскери дайындық негіздері» тақырыбында сынып сағатын өткізді.
Кафедра меңгерушісі, медицина қызметінің подполковнигі Орынбасаров Шыңғыс Оразмұхаметович студенттермен танымдық сабақ өткізіп, онда олар әскери карталарды пайдаланып, жергілікті жерде бағдар алып, топографиялық білімдерін медициналық практикада қолдануды үйренді. Ерекше назар медициналық қызметкерлердің ұрыс жағдайындағы әрекет тактикасына бөлінді, бұл болашақ дәрігерлердің дайындығы үшін маңызды аспект болып табылады.
Цикл жетекшісі, тәрбие жұмысына жауапты медициналық қызметтің запастағы подполковнигі Нұрбек Сәденұлы Смаилов студенттерді медициналық жабдықтармен және медициналық қызметкерлердің жұмысымен таныстырды.
Цикл жетекшісі, запастағы полковник Ринат Төлеутайұлы Мамыканов әртүрлі қару түрлерін көрсетіп, олардың құрылымы мен жұмыс принциптері туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Студенттер автоматтар мен тапаншалардың макеттерін қызығушылықпен ұстап, олардың тактикалық-техникалық сипаттамаларымен танысты.
Жалпы, сабақ пайдалы және танымдық болды. Студенттер әскери дайындық және армиядағы медицинаның рөлі туралы көп жаңа мәліметер білді.