«Ғалымнан ілім» бағыты бойынша биохимиядан дәріс

«Ғалымнан ілім» бағыты бойынша биохимиядан дәріс

Казақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев атап көрсеткен университеттер мен мектептер арасындағы байланысты күшейту маңыздылығын ескере отырып және қызмет бабындағы ынтымақтастыққа байланысты Абай обласының білім басқармасы «Областық инновациялық-әдістемелік орталығы» КММ ұйымдатыруымен Семей қаласының № 16 мектеп базасында мектеп мұғалімдеріне биология және химия пәндері бойынша дәрістер ұйымдастырды.

«Мейірлі ұстаз» жобасы аясында «Ғалымнан ілім» бағыты бойынша м.ғ.д., профессор Тапбергенов С.О. атындағы биохимия және химиялық пәндер кафедрасының доценті Дінжұманова Р.Т.  «Ферменттер» тақырыбы бойынша дәріс өткізді. Оқытушы ферменттерді анықтау, олардың жіктелуі, әсер ету механизмі, ферменттердің белсенділігіне әсер ететін факторлар, тежеу түрлері және т.б. туралы құнды ақпарат берді. Осындай жоғарғы оқу орындарымен бірлескен курстар мектеп мүғалімдеріне жиі өткізілсе деген ұсыныстар айтылды.

М.ғ.д., профессор Тапбергенов С.О. атындағы биохимия және химиялық

пәндер кафедрасы, доцент Дінжұманова Р.Т.

Жарияланды:
Рубрикалар: Қоғамдық өмір