2025 жылдың 14-ші наурызында Жалпы білім беретін пәндер кафедрасының ұйымдастыруымен медициналық колледж студенттері арасында «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» бойынша өткізілген қалалық пәндік олимпиаданы өткізу барысында Қабылдау комиссиясы және Medical Foundation бөлімі қызметкерлерімен бірлесе кәсіби бағдар беру жұмыстары жүргізілді. «Семей медицина университеті» КЕАҚ білімін жалғастыруға ниет білдірген студенттерге әртүрлі мамандықтар туралы толық ақпарат беру үшін Қабылдау комиссиясы және Medical Foundation бөлімінің бастығы К.С.Төлеубаева шақырылды: «Мамандық таңдау мәселесі-адамның өміріндегі ең қиын және жауапты қадам, оның болашақ өмірі осы таңдауға байланысты, сол себепті 70 жылдан астам тарихы бар киелі «Семей медицина университеті» КЕАҚ Сізге барлық қажетті білім мен дағдыларды береді. Бізде әлемдік деңгейдегі тәжірибелі оқытушылар, заманауи зертханалар, клиникалық тәжірибе мен практикалық сабақтар алуға мүмкіндік бар.»
Кәсіби бағыт-бағдар берудің міндеті – медициналық мамандықтың маңыздылығын түсіндіру, студенттердің қызығушылығын ояту және олардың жауапкершілігін күшейту.
Қабылдау комиссиясы және Medical Foundation,
ЖББП кафедрасының оқытушысы Ә.Д.Ғалымова,
ЖББП кафедрасының қауымдастырылған профессор м.а. И.С.Мусатаева.