Университет кітапханасы қызметкерлері наурыз айының мерекелік іс-шаралар циклі бойынша «1- наурыз Алғыс айту күні», «Сарқылмайтын жылылық, Ана атты – ұлылық» және Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесіне орай «Наурыз мейрамы – таным мен тұжырымның торабы» атты тақырыптарда бірінші курс студенттерінің № 1104,1106 топтары арасында танымдық сағат өткізді.
Мерекелік іс-шара көпұлтты елдің халықтары арасындағы достық, мейірімділік пен келісімнің көрінісін айқындайтын алғыс айту күні, 8-наурыз Аналар күніннің маңызын және жастардың бойына рухани құндылықтарды дарыта отырып, ұлттық caнa-ceзімі қaлыптacқaн, ұлттық құндылықтaр мeн жaлпы aдaмзaттық құндылықтaрды өзaрa ұштacтырa aлaтын ұлтжaнды тұлғaны тәрбиeлeу мақсатында ұйымдастырылды.
Шараның өту барысында студенттерге осы мерекелердің шығу тарихы және қазақтан шыққан танымал әйелдердің өмір жолдары туралы бейнеролик көрсетілді.
Білім алушылармен халық биі Қара жорғаны билеп жағымды орта қалыптастырылды, қатысушы жастарды төрт топқа бөлу арқылы ұлттық салт-дәстүрге байланысты түрлі тапсырмалар берілді. Шараға қатысушы жастар ұлттық құндылық туралы сұрақтарға өз мамандықтарымен байланыстыра жауаптарын табуға тырысты. Ұмыт бола бастаған әдет-ғұрыптарды жастардың санасында жаңғырту мақсатында түрлі арнайы дайындалған сұрақтар қойылды және жауабын тапқан жастарға ынталандыру шағын сыйлықтар тарту етілді.
Танымдық сағат соңында студенттер кері байланыс жасап, өздерінің әсерлерімен бөлісті. Жастардың ұлттық дәстүрге жақындығы мен қызығушылығын 1-ші курс студенттері Нұриахмет Айбектің наурыз бата сұраса, Бекенов Алиханның бата беруінен беруінен байқауға болады.
Іс-шараның өтуіне атсалысқан жалпы білім беретін пәндер кафедрасы оқытушылары Сергазина Гулжан Мақсұтқызы, Аманбекова Нұргүл Дайырқызына алғыс білдіреміз.