2025 жылдың 11 наурызында инновациялық технологияларды пайдалана отырып, КеАҚ Семей медицина университетінің ББСББ-нің ашық сабақтар өткізу жоспарына сәйкес «Аналитикалық химия» пәні бойынша зертханалық және практикалық сабақ өткізілді.
Ашық сабақты кафедра оқытушысы, «Химия» мамандығы бойынша жаратылыстану ғылымдарының магистрі Лауенова С.А. «Титриметриялық талдау. Қышқылдық-негіздік титрлеу» тақырыбы бойынша өткізді. Сабақ «Фармация» мамандығының 201 (көптілді) тобының 2 курс студенттеріне өткізілді.
Сабақ TBL – командаға бағытталған оқыту әдісі бойынша жүргізілді. Сабақ барысында тақырыптың негізгі ұғымдары, өзектілігі, жұмыс мақсаты көрсетілген презентация қолданылды, бағалау түрлері бойынша бағалар бөлінді, зертханалық жұмысты орындауға әдістемелік нұсқаулар қолданылды. Жағдаяттық есептерді шешу кезінде оқушылар Д.И.периодтық жүйесін пайдаланды. Периодтық жүйе, тұздың ерігіштік кестесі, титрлеу қисығы кестелері.
Зертханалық жұмысты орындамас бұрын титрлеуге жұмсалған көлемге байланысты талданатын ерітіндінің қалыптылығы мен титрін есептеп, титрант концентрациясы бойынша талданатын ерітіндінің массасын есептеуде консультациялық көмек көрсетілді.
Сабақтың қорытынды бөлімі жеке және топтық тестілеумен аяқталды.
Ашық сабақ ББСББ-нің берген сілтеме арқылы онлайн режимінде де өткізілді.
м.ғ д., профессор Тапбергенов С.О. атындағы биохимия және химиялық пәндер кафедрасының оқытушысы. Лауенова С.А.