Студенттер Ясауи ХҚТУ-да “Medical Show & Innovation Jam” стартап-жобаларын ұсынды

Студенттер Ясауи ХҚТУ-да “Medical Show & Innovation Jam” стартап-жобаларын ұсынды

2025 жылғы 11-13 наурыз аралығында Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде өткен “СМУ” КЕАҚ студенттері Ержанұлы Ержан, Молдабаева Айша және Сахариев Елнұр “Medical Show & Innovation Jam” іс-шарасына қатысты.

Іс-шара жас инноваторларды, кәсіпкерлерді және медицина және технологиялар саласындағы сарапшыларды біріктірді. Біздің студенттер “Семей қаласының тұрғындары арасында дәрілік заттарды орынсыз кәдеге жаратуды азайту үшін мінез-құлық араласуларын енгізу жөніндегі пилоттық жоба” (2024-2025 жж.) стартап-жобасын ұсынды. Жобаның ғылыми жетекшісі м.ғ. к., профессор, “СМУ” КЕАҚ Қоғамдық денсаулық кафедрасының меңгерушісі Хисметова Зайтуна Абдулкасимовна. Жоба дәрілік заттармен жұмыс істеудің тиімді әдістерін әзірлеуге және енгізуге, экологиялық тәуекелдердің алдын алуға және халықтың фармацевтикалық қалдықтарды дұрыс кәдеге жарату туралы хабардарлығын арттыруға бағытталған.

Іс-шара аясында қатысушылар өз әзірлемелерін ұсынды, жетекші мамандармен тәжірибе алмасты және өз идеяларын одан әрі дамыту бойынша құнды ұсыныстар алды. Инновациялық медициналық технологиялар көрмесі ауруларды емдеу мен диагностикалау тәсілін өзгертуге қабілетті озық шешімдермен танысуға мүмкіндік берді.

Біздің студенттердің сөз сөйлеуі білім алушылар, сарапшылар мен әлеуетті инвесторлар арасында үлкен қызығушылық тудырды. Олардың идеялары өзектілігі, шығармашылығы және ғылыми негізділігі үшін атап өтілді. Осындай беделді іс-шараға қатысу студенттер үшін инновациялық жобаларды іске асырудың жаңа перспективаларын аша отырып, олардың кәсіби қызметін дамытудағы маңызды қадам болды.

Студенттер “СМУ” КЕАҚ ректоры А.А. Дюсуповқа және ҒжСД проректоры Д. М. Шабдарбаеваға университеттің стартап-жобаларына қатысуға мүмкіндік бергені үшін шын жүректен алғыстарын білдіреді.