19.03.2025 ж., «Күміс Университет» жобасы аясында балалар аурулары пропедевтикасы кафедрасының ассистенті Койшыбаева К.Ж. «Абай облысы Семей қаласының №3 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету және белсенді ұзақ өмір сүру орталығы» КММ-де Наурыз мерекесіне арналған іс-шара өтті. Наурыз – көктемгі жаңару мерекесі. Бұл күні адамдар әдемі киініп, отбасы мен достарына қонаққа барады және жақсы тілектер айтады. Кездесуге «Жалпы білім беретін пәндер» кафедрасының оқытушысы «Күміс Университет» жобасының жетекшісі Ж.К. Жайырбаева, 3618, 3616 Медицина тобының студенттері белсенді қатысты. Студенттер қарттарға құрмет, ілтипат, жылы лебіздерін білдіріп, «Әз-Наурыз» атты концерттік бағдарлама ұйымдастырды. Іс-шара бағдарламасында «Беташар» халық дәстүрі көрсетілді. Мерекенің көркін қазақ студенттері мен Үндістан мен Пәкістаннан келген шетелдік студенттердің жарқын ұлттық киімдері, музыкалық қойылымдар – күй, үнді биі мен әні, гитарада ойнау толықтырып, мерекенің сәнін келтірді. Концерт көрермендер үшін мереке ғана емес, студенттер үшін де айтулы тәжірибе болды, бұл аға ұрпаққа қамқорлық пен ілтипат көрсетуге мүмкіндік берді. Мұндай шаралар әр жаста жылылық, түсіністік пен қолдаудың маңыздылығын еске салады. Бұл шара еріктілер аясында өткізілді.