М.ғ. д., проф. м. н. Мусин атындағы Фармакология кафедрасында интерндерге арналған Ашық есік күні

М.ғ. д., проф. м. н. Мусин атындағы Фармакология кафедрасында интерндерге арналған Ашық есік күні

Медициналық университетінің фармакология кафедрасында, м.ғ.д., профессор М.Н. Мусина 19 наурыз 2025 жылы “Жалпы медицина” мамандығы бойынша 7-курс интерндері үшін ашық есік күні сәтті өтті. Іс-шара кафедра ассистенттері мен 1-2 жылдық клиникалық фармакология резиденттері бірлесіп өткізді. Бұл іс-шара болашақ мамандарды клиникалық фармакологтың жұмыс ерекшеліктерімен, оның қазіргі медицинадағы рөлімен және осы саладағы даму перспективаларымен таныстыруға бағытталған болатын. Ашық есік күнінде резиденттер фармакотерапияның өзекті мәселелеріне, дәрілік құралдарды рационалды қолдану және дәрілік қадағалауларға  арналған баяндамалар мен презентациялар ұсынды. Резиденттер түрлі клиникалық жағдайларда жұмыс тәжірибесімен бөлісіп, басқа мамандық дәрігерлерімен өзара әрекеттесу ерекшеліктерін түсіндіріп, ғылыми және практикалық қызмет үшін мүмкіндіктер туралы айтып берді. Интерндер белсенді түрде талқылауға қатысып, сұрақтар қойып, клиникалық фармакологияны тереңірек зерттеуге қызығушылық танытты.

Жариялаушы Жұматай А. Б.

Жарияланды: