Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізудегі мектептегі профилактикалық тексерудің маңызы

Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізудегі мектептегі профилактикалық тексерудің маңызы

Семей қаласының жалпы дәрігерлік практика кафедрасы профессор Дюсупова А.А. жетекшілігімен тұрақты түрде денсаулық сақтау, салауатты өмір салты, жыныстық тәрбие және метаболикалық синдромның алдын алу бойынша іс-шаралар ұйымдастырып келеді.

Осы бағытта Семей қаласының №3 орта мектебінде 601-топ ЖТД интерн-дәрігерлері мен кафедра оқытушылары – Юрковская О.А., Камашева Г.Т., Беляева Т.М. қатысуымен профилактикалық медициналық тексеру өткізілді. Бұл шара тек денсаулық сақтау жүйесінің маңызды бөлігі ғана емес, сонымен қатар БҰҰ әзірлеген Тұрақты даму мақсаттарын (ТДМ) іске асыруға жасалған нақты қадам болды.

Балалардың денсаулығы – қоғамның әл-ауқатының негізі. Профилактикалық тексерулер арқылы мүмкін болатын ауруларды ерте анықтауға, оқушылардың физикалық дамуын бақылауға және олардың өз денсаулығына деген жауапкершілігін қалыптастыруға мүмкіндік туады.

Тексеру барысында мынадай шаралар жүргізілді:
✔ көру және есту қабілетін тексеру;
✔ бойы, салмағы және артериялық қысымы өлшенді;
✔ Ұлттық егу күнтізбесіне сәйкес вакцинация жүргізілді;
✔ дұрыс тамақтану және инфекциялық аурулардың алдын алу бойынша ақпараттық әңгімелер өтті.

Бұл шара балалардың денсаулығын қорғауға, аурулардың алдын алуға және тұрақты дамуға қол жеткізуге бағытталған маңызды қадам болды.

Жарияланды:
Рубрикалар: Семинарлар