27.03.2025 ж. Семей қаласының “Әділ-Ем» емханасында ЖРВИ және тұмаудың алдын алу бойынша дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге “Әділ-Ем» емханасының қызметкерлері қатысты. Қазіргі кезеңде ЖРВИ мен тұмаудың клиникалық нұсқалары талданып, талқыланды. Өз презентациясында инфекционистер бұл инфекцияларды ерте диагностикалау қажеттілігіне назар аударды, әсіресе қауіпті топтарда. ЖРВИ мен тұмаудың алдын алу мәселелері жеке пысықталды.
Шаймарданов Н.К., Смаил Е. М.