Балаларға қамқорлық пен жылулық сыйлаймыз

12 наурыз 2025 жылы эпидемиология және биостатистика кафедрасының аға оқытушысы, PhD Мукашева Гүлбаршын Дарынқызы студенттермен бірге балалар үйіне барып, тәрбиеленушілерге қуаныш пен қамқорлық сыйлады. Сапар барысында азық-түлік, қажетті заттар мен тәттілер табысталды. Студенттер балалармен әңгімелесіп, оларға көңіл бөліп, жылы сөздерін арнады. Бұл іс-шара балалар үйінің тәрбиеленушілері үшін де, қайырымдылық акциясына қатысушылар үшін де маңызды әрі…

Психология бойынша Олимпиада

2025 жылдың 24 ақпанынан 5 наурызы аралығында ЖББ кафедрасының оқытушылары А.Г. Гизатуллина, Ш.Б. Кадирсизова, Э.А. Жакупбекова және Л.К. Садықова ұйымдастырған психология пәнінен Олимпиада өтті. Олимпиада екі кезеңде өткізілді, олардың әрқайсысы студенттердің білімі мен оларды нақты жағдайда қолдану қабілетін бағалауға бағытталған. I кезең: Қатысушыларға “Медицинадағы психологияның рөлі”тақырыбында эссе жазу ұсынылды. Бұл кезең қатысушылар үшін психология мен…

Шетел бөлімінің білім алшуыларымен іс-шара

05.03.2025 ж. «СМУ» КеАҚ-ның  №1, 2 дәріс залдарында шетел бөлімінің 1-5 курс білім алушыларына Абай облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі полиция подполковнигі Г.С. Еспаева, Психиатрия кафедрасының ассистенті, PhD Н.Ж. Сексенбаев және шетел бөлімінің білім алушылар мектебінің ұйымдастыруымен «Есірткі заттарын тұтынудың, таратудың және өткізудің алдын алу» және «Тәуелділік медицинасының өзекті мәселелері.…

Адамның метапневовирус атты баяндама жасады

13.03.2025 ж. МУС КеАҚ университеттік госпиталінде инфекционистер дәрігерлік конференцияда “Адамның Мметапневмоаирусы”атты баяндама жасады. Қазақстанда ЖРВИ, тұмау, метапневмовирус бойынша эпидемиологиялық жағдай, адамның метапневмовирусына баса назар аудара отырып, жіті респираторлық инфекциялар клиникасы баяндалды. Спикерлер бұл инфекциялардың алдын алуға егжей-тегжейлі тоқталды. Шаймарданов Н.К., Смаил Е. М.

Лудомания әлеуметтік мәселе ретінде

2025 жылғы 26 ақпанда “Педиатрия” мамандығының 701 тобының интерндері және 2 жыл оқыған эндокринолог резиденттері “Лудомания: ойынға тәуелділік және оның алдын алу” тақырыбында кураторлық сағат өткізді. Аталған іс-шараны Тусупова Д. М атыңдағы педиатрия және медициналық реабилитология кафедрасының ассистенті Бектар Ж.С. ұйымдастырды. Кураторлық сағат барысында осы мәселенің пайда болуының алғышарттары талқыланды. Тәуекел факторлары мен қалыптасу механизмдеріне,…